366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем чемпионы Қайрат Ералиев үйленді

  • 118
  • UPD: 14:06, 23.09.2018
Әлем чемпионы Қайрат Ералиев үйленді vesti.kz

Әлем чемпионы Қайрат Ералиев үйленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қайрат пен Әсем Ералиевалардың неке қию рәсімі 21 қыркүйекте Шымкентте өтті. Боксшының тойына Қазақстан құрамасындағы әріптестері барды, олардың ішінде Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, 2016 жылғы Олимпиаданың қатысушысы Берік Әбдірахманов және тағы басқалары бар.

Айта кеткен жөн, 26 жастағы Ералиев 2017 жылы Гамбургте алтын медаль алған жалғыз қазақстандық болды. Бұған дейін халықаралық аренадағы жарыстарда ол қола медальді місе тұтып жүрген еді. 2016 жылы Ералиев Олимпиада ойындарына қатысып, 1/8 финалда сол кезде қола медаль жеңіп алған өзбекстандық Муроджон Ахмадалиевке есе жіберген болатын.

Хабар 24 телеарнасы