366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Күрес: Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Серік Бақытқанов қола жүлдегер атанды

  • 192
Күрес: Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Серік Бақытқанов қола жүлдегер атанды olympic.kz

Словакияның Трнава қаласында өтіп жатқан күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуандар әзірге екі медаль жеңіп алды.

Әйелдер күресінен 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Марина Закшевская қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін күресте ол италиялық Луиза Эммануэланы 12:0 есебімен ұтты.

Ал еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Серік Бақытқанов үздік үштікке енді. Жартылай финалда америкалық балуаннан жеңілген Серік қола медаль үшін өткен белдесуде Оңтүстік Корея өкілін 12:8 есебімен жеңді.

Ақпарат көзі: olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы