360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

BAQ League: «Хабар» командасы қатарынан 4 дүркін чемпион

  • 223
  • UPD: 09:42, 24.09.2018

Шағын футболдан А лигасында өнер көрсеткен хабарлықтар финалда «Спорт-59» ойыншыларымен кездесіп, 6-1 есебімен жеңіске жетті.

Екінші орын «Егемен Қазақстан» еншісінде, үздік үштікті Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдері түйіндеді. Ал Б лигасында «Елорда Ақпарат» командасы топ жарса, «Хабар 24» аяқдопшылары күміс тақты. Қола «Қазақстан» арнасында. Алаңда көзге түскен үздік ойыншылар жүлделі грамоталармен марапатталды. Айта кетейік, спорттық додада барлығы 13 команда мықтылық байқасты. 

Хабар 24 телеарнасы