366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та велосипедші жаңа рекорд орнатты

  • 169
  • UPD: 07:56, 24.09.2018
АҚШ-та велосипедші жаңа рекорд орнатты

АҚШ-та Денис Мюллер-Коренек есімді қыз велосипед жылдамдығын рекордтық көрсеткішке жеткізді.

Ол Юта штатындағы Бонневиль деп аталатын кеуіп қалған тұзды көлдің түбімен сағатына 296 шақырыммен жүріп өткен. Әуелі оны драгстер, яғни жарыс автомобилі сүйреп, ол жылдамдығын сағатына 160 шақырымға дейін арттырған. Содан кейін Мюллер-Коренек жүрісін одан сайын үдете түскен.

Айта кетейік, бұған дейінгі рекордты 23 жыл бойы ешкім жаңарта алмаған еді. Оны 1995 жылы голландиялық велосипедші Фред Ромпельберг орнатқан болатын. Ол кезде шабандоз сағатына 269 шақырым жылдамдықпен жүйткіген.

Хабар 24 телеарнасы