366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» велокомандасы әлем чемпионатында оныншы орынға ие болды

  • 147
  • UPD: 22:18, 24.09.2018
«Астана» велокомандасы әлем чемпионатында оныншы орынға ие болды

Австрияның Инсбург қаласында өтіп жатқан дүниежүзілік сында Қазақстандық клуб тас жолдағы командалық жарысқа қатысты.

62 шақырымдық сайыста «Астана» жігіттері 1 сағат 20 минут 10 секунд уақыт көрсетті. Қазақстандық команда жеңімпаз ұжымнан екі минут 54 секунд қалып қойды. «Астана» сапында бұл жарысқа Алексей Луценко, Андрей Гривко, Магнус Корт, Уго Уль және Танел Кангерт пен Михаэль Вальгрен қатысты. Командалық сында Бельгиялық Quick-Step Floors клубы әлем чемпионы атанды.

«Астана» 27-турдан кейін 61 ұпаймен жеке дара топ бастады

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 27-турынан кейін «Астана» басты қарсыласы «Қайраттан» жеті ұпайға ұзап кетті. Елорда командасы кеше «Ақжайыққа» қонаққа барып, 2:1 есебімен басым түсті.

«Астана» 27-турдан кейін 61 ұпаймен жеке дара топ бастады. Чемпиондықты аңсайтын «Қайратқа» ол арман алыстап барады. Алматы командасы 54 ұпаймен екінші орында тұр. Үшінші орынға талас соңғы турға дейін жалғасатын секілді. Қазір 40 ұпаймен «Тобыл» үздік үштіктің қатарында. Төртінші орынға «Жетісу» көтерілді. Талдықорғандықтардың еншісінде 36 ұпай бар. Сосын тиісінше, «Ордабасы» мен «Ақтөбе» келеді. Төменгі қатарда «Қайсар», «Ақжайық», «Атыраудың» жағдайы тәуір. «Шахтер», «Қызылжар» және «Ертіс» турнир кестесінің аяқ жағына жайғасты. 

Футзал. Әзербайжан – Қазақстан 1:3

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Бакуде Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. 8-минутта Біржан Оразов есеп ашса, артынша Шыңғыс Есенаманов нәтижені еселей түсті. Шабуылға дем берген қақпашы Игита да мергендік танытып, матчқа нүкте қойды. Алаң иелері жалғыз голмен жауап қатты. Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Какаға Әзірбайжан жақсы таныс. Бразилиялық маман осы елдің ұлттық құрамасында ойнап, кейін «Нефчи» командасында жаттықтырушы болып қызмет еткен. Енді қарсыластар желтоқсан айында төрт ұлт кубогында кездеседі. Оған Қазақстан мен Әзірбайжаннан бөлек, Иран және Ресей футзал құрамалары қатысады.

Хабар 24 телеарнасы