360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Модрич 2018 жылдың ең үздік футболшысы атанды

  • 173
Модрич 2018 жылдың ең үздік футболшысы атанды vesti.kz

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (ФИФА) Лондонда жылдың үздік футболшыларын марапаттады.

Ерлер арасында «The Best» сыйлығына хорват Лука Модрич ие болды.

Хорватия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы бұл атаққа алғаш рет қол жеткізіп отыр. Ол шешуші кезеңде Криштиану Роналду (Ювентус) мен Мұхаммед Салахты (Ливерпуль) басып озды.

«France Football» журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым «Алтын доп» иегерін өздері анықтаса, ФИФА «The best» сыйлығын табыстауды қолға алған еді. Биыл «The Best» сыйлығы үшінші рет табысталды.

ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы ұлттық құрамалар жаттықтырушылары мен капитандары, журналистер мен жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталды.

Айта кетейік, Лука Модрич 2018 жылы «Реалмен» бірге Чемпиондар лигасында топ жарды. Хорватия ұлттық құрамасымен әлем чемпионатының финалында бақ сынады. УЕФА таңдауы бойынша да жылдың үздік футболшысы атанды.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы