365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұхаммед Салах «2018 жылдың ең үздік голы» марапатына ие болды

  • 172
FIFATV

Египет ұлттық құрамасы мен ағылшындық «Ливерпульдің» шабуылшысы Мұхаммед Салах 2018 жылғы Пушкаш сыйлығына ие болды.

Бұл марапат 2009 жылдан бері асқан шеберлікпен ең әдемі гол соққан футболшыға табысталып келеді.

Танымал сыйлықтың атауы 1950 жылдары Венгрия ұлттық құрамасының капитаны болған Ференц Пушкаш құрметіне берілген.

Мұхаммед Салах Пушкаш сыйлығын ағылшын премьер-лигасында «Эвертон» қақпасына соққан голы бойынша иеленді. Ол қарсылас команданың бірнеше қорғаушыларын қапы қалдырып, асқан шеберлікпен гол соққан еді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы