360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда клифф-дайвингтен халықаралық жарыс өтті

  • 154
  • UPD: 14:11, 25.09.2018

Италияның Полиньяно-а-Мар қаласында клифф-дайвингтен халықаралық жарыс сериясының финалы өтіп, ерлер арасында британдық Гэри Хант жеңіске жетті.

Адриатика теңізінің жағалауында өткен жарыста ол 26 метр биіктіктен ең күрделі жолмен секіріп, америкалық Стивен ЛоБлю мен мексикалық Джонатан Паредестен озып шықты. Нәтижесінде Лоблю екінші, ал Паредес үшінші орынға орнықты. Сөйтіп, Хант клифф-дайвингтен әлем чемпионы атағын жетінші рет иеленді. Ал әйелдер арасында бірінші орынды австралиялық Рианна Иффланд алды. Финалда ол мексикалық Адриана Хименес пен канадалық Лизанн Ричардты басып озды. Рианна Иффланд бұл титулды үшінші рет иеленіп отыр.

Гэри Хант, Cliff Diving World Series 2018 жеңімпазы:

– Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Бұл маусым менің шамамды байқатты, спортты не үшін жақсы көретінімді белсеңіз ғой, тіпті топ жаруға деген ынта-жігердің болатыны үшін де шығар.

Рианна Иффланд, Cliff Diving World Series 2018 жеңімпазы:

– Финалдық бәсеке алдында ойымды нақтылап, жоспар құрдым.Әрине, негізгі мақсат кемі өз нәтижемді жақсарта түсу еді. Дегеніме жеттім. 

Хабар 24 телеарнасы