366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абрамович «Челсиді» рекордты соммаға сатпақ

  • 177
  • UPD: 17:53, 25.09.2018
Абрамович «Челсиді» рекордты соммаға сатпақ Еженедельник Футбол

Ресейлік бизнесмен Роман Абрамович өзіне тиесілі «Челси» футбол клубын сатыуы мүмкін.

Bloomberg ақпаратынша, миллиардер команданы 3 миллиард фунтқа сатуға дайын, деп жазады kaz.vesti.kz.

Мұның алдында Абрамович Ұлыбританияның ең бай адамы Джим Рэтклифф ұсынған 2,3 миллиард фунттан бас тартқан болатын.

Бизнесмен клубты 2003 жылы 140 миллион фунтқа сатып алған болатын. Ол уақыттан бері ағылшын командасы Англияның бес чемпионаты, бес кубогы мен екі Суперкубогын, Лиганың үш кубогын, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын ұтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы