360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Санчес Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жектің уақытын ұсынды

  • 184
Санчес Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жектің уақытын ұсынды RingSide24

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль Альвареспен (50-1-2, 34 КО) үшінші жекпе-жек өткізу туралы пікір білдірді.

15 қыркүйекте Лас-Вегаста қарсыластар қарымта жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жеткен. Ал Головкин үшін бұл алғашқы жеңіліс және ол WBC, WBA (Super), IBO белбеулерінен айырылды.

«Білем, оларға демалыс керек. Том Леффлер мен Оскар Де Ла Хойя кезігіп, үшінші жекпе-жектің мүмкіндігін талқылау керек. Көрермендер мұны қалайды деген ойдамын, енді промоутерлердің ісі келісімге келіп, жекпе-жекті келесі жылы қыркүйекте өткізу керек», – дейді Санчес On The Ropes Boxing Radio-ға берген сұхбатында.

«Екеуі бұл жолы да тамаша дайындықта болды. Әрине ол кезде Гена 37 жаста болады және біз шындыққа тура қараймыз. Жас ерекшелігі білінуі мүмкін, бірақ мен олай болмайды деп ойлаймын. Екеуі бір біріне Маркес пен Пакьяо сияқты сай келеді. Олар барын салып жұдырықтасса, өзгешелік болмас деген ойдамын», – деп аяқтады бапкер. 

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы