366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин үзіліс алмақ

  • 214
Головкин үзіліс алмақ Prosports.kz

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) промоутер Том Леффлермен кездесіп, болашақ жоспарларын талқылады.

Бұл туралы BoxingScene.com хабарлап отыр.

Головкин соңғы рет 15 қыркүйекте Лас-Вегаста мексикалық Сауль Альвареспен (50-1-2, 34 КО) жұдырықтасқан. 12 раундқа созылған бұл қарымтада төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жетті, ал головкин WBC, WBA (Super) және IBO белбеуінен айырылды.

Осылайша, Головкин карьерасында алғаш рет жеңілді. Жекпе-жектен кейін екі боксшы да үшінші рет жұдырықтасуға дайын екендерін мәлімдеген.

Леффлердің сөзінше, Головкин аздаған үзіліс алмақ. Боксшы рингке тек келесі жылы оралады.

«Геннадий аздаған үзіліс алды, бәрін ой елегінен өткізіп алғысы келеді. Қашан жұдырықтасатынын айтқан жоқ. Әлі де төрешілер шешімінен түңіліп жүр, бәріміз сияқты. Бірақ биыл жұдырықтасады деп ойламаймын. «Канеломен» үшінші жекпе-жекке қатысты, ол әлі де бокстағы ең маңызды оқиға. Сондықтан оны қашан ұймдастыруға болатынын ойластыру бәріне де маңызды болар. Жанкүйерлер спорттың өмірлік қуаты, олар төрешілер шешіміне наразы болды, сондықтан үшінші жекпе-жекті көргісі келеді. Қарымтаның нәтижесіне қарсылық көп болды. Жанкүйерлердің әлеуметтік желіде жазғандарын оқысаңыз, олар Головкин жеңді, ал кемі белбеулерін сақтап қалу керек еді деп есептейді», – дейді Леффлер.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы