360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық велотрекшілер Азия кубогынан олжалы оралды

  • 187
  • UPD: 23:42, 26.09.2018

Әсіресе, олимпиадалық даярлау орталығының шәкірттері ұлттық құрама қоржынына 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрлықтық дода Үндістанның Нью-Дели қаласында өтті. Ересектер арасындағы кейрин және спринт жарысында жерлесіміз Андрей Чугай алтын және күміс медаль ұтып алды. Ал ұпай бойынша топтық жарыста Рамис Дінмұхаметов қола жүлдегер атанды. Жасөпірімдер арасындағы бәсекеде Даниил Пехотин, Александр Сафаров, Темірхан Сиазбеков және Дмитрий Резанов жеңіс тұғырынан көрінді.

 

Сенбі күні велоспорттан «Алматы туры» басталады

Алдағы демалыс күндері велоспорттан «Алматы туры» өтеді. Халықаралық велоспорт одағының күнтізбесіндегі жарыстың алғашқы кезеңі қазақстандық велоспортшы Андрей Кивилевтің рухына арналады. Көпкүндік сенбі күні Алматыдағы «Астана» алаңынан бастау алады. Биыл жарыс қашықтығы 182 шақырымға созылады. Соңғы төрт маусым бойы «Алматы турында» «Астана» велокомандасының өкілі Андрей Луценко жеңімпаз атанды.

 

«Бавария» - «Аугсбург» 1:1

Германия чемпионатының 5-ші турында топ бастаған «Бавария» ұпай жоғалтты. Мюнхен командасы «Аугсбургты» қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті. 48-ші минутта Арьен Роббен есеп ашқан. Қонақтар матч соңына қарай нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, қарымта қайтарды. Голдың авторы – Феликс Гетце. «Бавария» 13 ұпаймен топ басына қалды. «Аугсбург» 5 ұпаймен 12-ші орынға жайғасты.

Хабар 24 телеарнасы