365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лео Санта Крус: Головкин рематчта Альваресті жеңді

  • 568
  • UPD: 16:58, 27.09.2018
Лео Санта Крус: Головкин рематчта Альваресті жеңді prosports.kz

Мексикалық боксшы Лео Санта Крустың пікірінше, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы рематчта қазақстандық боксшы жеңіске жетуі керек еді, деп  хабарлайды Prosports.kz.

Айта кеткен жөн, бұл жекпе-жекте Канело төрешілер шешімімен ұтқан болатын.

«Бұл өте жақын жекпе-жек болды. Ол тең есеппен не болмаса Головкиннің жеңісімен аяқталуы тиіс еді. Головкин оныншы, он бірінші және он екінші раундтарды өз пайдасына жазды деп ойлаймын. Үшінші жекпе-жек пе? Әрине, көргім келеді. Себебі алғашқы екі кездесуден соң кімнің жеңімпаз екенін дәл айту қиын», - деді Санта Крус Fighthype.com-ға берген сұхбатында.

Хабар 24 телеарнасы