365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хоккей. «Барыс» «Витязьді» жеңді

  • 161
  • UPD: 21:43, 27.09.2018

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында «Витязьдан» басым түсті, деп хабаралайды «Хабар 24».

Подолскідегі кездесудің негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталып, жеңімпаз буллитте анықталды. «Барыс» сапынан Мэтт Фрэттин мергендік танытып, елордалықтарға екі ұпай сыйлады. Астана командасы енді 29 қыркүйекте Риганың «Динамосына» қонаққа барады. Спорт әлеміндегі өзге де жаңалықтар алдағы топтамада.

 

«Қайрат» кезекті турда «Ақтөбені» қабылдайды

«Қайрат» жексенбі күні болатын кездесуге тыңғылықты дайындалып жатыр. Ұлттық біріншіліктің 28-ші турында Алматыға «Ақтөбе» футболшылары қонаққа келеді. Алаң иелеріне үш ұпай ауадай қажет. «Астананы» ұзатып алған Карлос Алос шәкірттері енді сүрініп жатса чемпиондарды қуып жете алмасы анық. «Ақтөбенің» үш ұпайды оңайшылықпен бере салмасы түсінікті. Соңғы үш турда сауатты ойын көрсетіп жүрген Владимир Мұқанов командасы Алматыдан олжалы қайтуды ойлайды. 30 қыркүйек күні Орталық стадионда тартысты ойын болғал тұр. «Қайсармен» болған кездесуде екі рет ескерту алып алаңнан қуылған Елдос Ахметов жексенбі күнгі ойынға қатыса алмайды. Өзге жігіттердің бәрі тас-түйін дайын.

 

Футбол. «Майнц» - «Вольфсбург» 0:0

Неміс бундеслигасы енді қызады. Кеше бесінші тур ойындары өтті. Алғашқы үштіктен көрінуді көздейтін «Майнц» «Вольфсбургты» қабылдады. Деңгейлері шамалас командалардың кездесуінде есеп ашылған жоқ. Турнир кестесінде қарсыластар 8 ұпаймен алтыншы орынға сырғыды. Топ басында «Бавария» тұр. Оларды «Боруссия» өкшелеп келеді. Дортмунд командасы «Нюрнбергті» қабылдап, 7:0 есебімен жеңіске жетті.

 

Велоспорттан әлем чемпионатында Алексей Луценко 13-ші орынды иеленді

Австрияның Инсбург қаласында велоспорттан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жекелей жарыста Қазақстандық Алексей Луценко 13-ші орыннан көрінді. 52 шақырымдық сында Австралиялық Роан Деннис жеңіске жетті. Голландиялық Том Дюмулен күміс жүлдегер атанды. Қола Бельгиялық Виктор Кампенартсқа бұйырды. Алексей Луценко жеңімпаздан төрт минут қалып қойды.

Хабар 24 телеарнасы