365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкинге қарсылас атануы мүмкін боксшының бірі допинг дауына ілікті

  • 773
  • UPD: 12:01, 28.09.2018
Головкинге қарсылас атануы мүмкін боксшының бірі допинг дауына ілікті MMABoxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің салмағында WBO чемпиондық атағына ие Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) допинг дауына ілікті. Бұл туралы ESPN басылымы хабарлады.

БАҚ ақпараты бойынша британдық боксшының допинг сынамасы оң нәтиже бермеген. Қанынан төзімділікті арттыратын оксилофрин бары байқалған.

Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) 20 қазан күні америкалық Деметриус Андрадемен (25-0, 16 КО) жұдырықтасуы керек болатын. Бұл жекпе-жек өтпеуі мүмкін. Сондай-ақ британдық боксшы чемпиондық атағынан айырылуы да ғажап емес.

Ақпаратқа қатысты боксшы twitter желісінде жазба қалдырып, допинг қолданбағанын жеткізді.

«Мен қаным сүйегіме дейін допингтен ада боксшымын. Мені қолдаған жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Барлықтарыңызға рақмет», – деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) Геннадий Головкинге қарсылас атануы мүмкін боксшылардың бірі болатын.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы