366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

HBO телеарнасы кәсіпқой боксты көрсетпейтін болды

  • 439
  • UPD: 12:14, 28.09.2018
HBO телеарнасы кәсіпқой боксты көрсетпейтін болды korrespondent.net

HBO телеарнасы 2019 жылдан бастап кәсіпқой боксты көрсетпейтін болды, – деп жазады Vesti.kz Аllboxing.ru басылмына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, HBO кәсіпқой боксты 45 жыл бойы трансляциялаған, бірақ бұл телеарнаның спорттық емес екенін айтып өту керек.

HBO телеарнасы алғаш рет кәсіпқой боксы 1973 жылы көрсеткен болатын. Онда супер ауыр салмақтағы әлем чемпионы Джо Фрейзер мен  Джордж Форман арасындағы жекпе-жек көрсетілген еді.

Ал соңғы эфир 27 қазанда Нью-Йоркте Дэниэл Джейкобс пен Сергей Деревянченко кездесуі болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы