366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ильин мен Чиншанло әлем чемпионатына қатысады

  • 291
  • UPD: 22:28, 28.09.2018
Ильин мен Чиншанло әлем чемпионатына қатысады Tengrinews

Ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды.

Құрама сапында допинг дауынан кейін спортқа оралған Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло да бар, деп хабарлайды Vesti.kz.

Биылғы әлем чемпионаты 1-10 қараша аралығында өтеді. Түрікменстан елінің астанасында 16 медаль жиынтығы сарапқа салынатын болады.

Қазақстан құрамасы жаттықтырушыларының кеңейтілген отырысында әлем чемпионатына қатысатын ауыр атлеттер анықталды. Құрама қазіргі таңда Сочиде оқу-жаттығу жиынында жүр.

Қазақстан ерлер құрамасы: Арли Чонтей (55 кг), Фархад Харки (67 кг), Нижат Рахимов (73 кг), Айдар Қазов (81 кг), Денис Уланов (89 кг), Рүстем Сыбай (96 кг), Илья Ильин (102 кг), Александр Зайчиков, Ибрагим Берсанов (екеуі де – 109 кг) және Елдос Сайлау (+ 109 кг).

Қазақстан әйелдер құрамасы: Зүлфия Чиншанло (55 кг), Сәуле Сәдуақасова (59 кг), Әсем Садықова, Карина Горичева (екеуі де – 64 кг), Надежда Лихачева, Екатерина Столяренко (екеуі де – 71 кг), Екатерина Быкова (76 кг), Раушан Мешітханова (87 кг), Айзада Мүптилда және Александра Аборнева (+ 87 кг).

Айта кетейік, ауыр атлетикадан 2018 жылғы әлем чемпионаты IWF атқарушы комитеті шілде айында өзгерткен ереже бойынша жаңа салмақ дәрежелерінде өтеді, деп жазады.

Хабар 24 телеарнасы