360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токио Олимпиадасына еріктілерді іріктеу науқаны басталды

  • 133
  • UPD: 22:33, 28.09.2018
Токио Олимпиадасына еріктілерді іріктеу науқаны басталды

2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына еріктілерді қабылдау науқаны басталды.

Төртжылдық додасында жалпы есебі 80 мың ерікті таңдалады, деп хабарлайды Prosports.kz. Оның ішіндегі 20 мың адам шетелдік туристерге көмек көрсетсе, қалғандары спорттық нысандарда жұмыс істейді.

2020 жылғы Токио Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті ерікті болудың басты артықшылықтарын атап өтті. Бұл – Ойынға қолдау көрсету үшін таптырмас мүмкіндік және өмірлік тәжірибе.

«Еріктілер жарыс кезінде және спорттық ауылдарда Ойынның ажырамас бөлшегі болмақ», – дейді Токио-2020 өкілі Маса Такая.

Еріктілер 2019 жылдың қыркүйегіне дейін таңдалады. Ал оларды оқыту 2019 жылдың қазанына жоспарланған.

2016 жылғы Рио Олимпиадасына еріктілерден 240 000 өтінім түскен.

Токидодағы Олимпиада ойындары 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы