366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Давиде Виллелла «Алматы турының» бірінші кезеңінде жеңіске жетті

  • 119
  • UPD: 20:22, 29.09.2018
Давиде Виллелла «Алматы турының» бірінші кезеңінде жеңіске жетті olympic.kz

«Алматы туры - 2018» кәсіби веложарысының бірінші кезеңі өтті.

Бұл дода осыдан 15 жыл бұрын қайғылы жағдайда көз жұмған Андрей Кивилевтің рухына арналған болатын. Турға  әлемнің 15 мемлекетінен 19 команда қатысты. 

Жарысқа қатысушылар жалпы есебі 182,7 шақырымды артта қалдырып, 7 айналым жасады. Алғашқы шақырымдарда-ақ пелотон бірнеше топқа бөлініп, астаналық Луис Леон Санчес пен Давиде Виллелла қара үзіп кеткен еді. 

Мәреге 25 шақырым қалғанда6 Давиде Виллелла командаластары Луич Санчес пен Жандос Бижігітовтің қолдауынсыз қалды. Десе де, шешуші сәтті шабуылға шыққан ол қарсыластарынан 35 секундқа озып, «Алматы турының» бірінші кезеңінде жеңіске жетті. 

Ақпарат көзі: olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы