360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин спорттың қандай түрлерін ұнататынын айтты

  • 171
  • UPD: 10:08, 30.09.2018
Головкин спорттың қандай түрлерін ұнататынын айтты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Complex Sports-қа берген сұхбатында спорттың өзге қандай түрлерін ұнататынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

- Қазіргі уақытта бокстан бөлек, қандай спорт түрін көресің? –

- Жалпы, әртүрлі турнирлер мен жарыстарды тамашалағанды ұнатамын. NHL, NBA, NFL ойындарын үнемі көремін және теннис пен гольфты өткізіп алмауға тырысамын.

Айта кетейік, Геннадийді бірнеше мәрте хоккей, футбол, баскетбол және бейсбол клубтары қонаққа шақырып, кәдесыйларды тарту еткен болатын.

Головкин өзінің соңғы айқасын 15 қыркүйек күні АҚШ-та мексикалық Сауль Альвареске қарсы өткізді. Реванштағы жеңіс төрешілердің басым дауысымен Альвареске берілді.

Хабар 24 телеарнасы