360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футболдан Қазақстан чемпионатында «Астана» көш бастап тұр

  • 150
  • UPD: 23:01, 30.09.2018
Футболдан Қазақстан чемпионатында «Астана» көш бастап тұр prozoro.info

Футболдан Қазақстан чемпионаты аяқталар уақыт жақындаған сайын командалар арасындағы тартыс күшейді.

Әсіресе, турнир тізімінің топ басындағы «Астана» өз орнын сақтап қалу үшін барын салып жатыр. 28-ші тур аясында елордалық клуб өз алаңында талдықорғандық «Жетісуді» қабылдаған болатын. Матч 3:0 есебімен аяқталды. Қожайындар сапынан Рангело Янга мен Марин Томасов мергендігімен көзге түсті. Тіпті соңғысы дубль авторы атанды. Осылайша, «Астана» 67 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орында 60 ұпаймен «Қайрат» болса, 46 ұпайы бар «Тобыл» үздік үштікті. Ел біріншілігінің аяқталуына енді 5 тур қалды.

Иван Маевский, «Астана» клубының жартылай қорғаушысы:

- Қазір біз үшін әр матч өте маңызды. Өйткені чемпионаттың аяқталуына аз қалды. Егер сәл осалдық танытсақ, басқа командалар басып озуға дайын тұр. Бірақ клубтағы жігіттер аса тәжірибелі. Әрқайсы өз ісін жақсы біледі. Сондықтан ішкі біріншілікті ойдағыдай аяқтаймыз деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы