366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері ауысты

  • 127
  • UPD: 23:45, 30.09.2018
«Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері ауысты sport.inform.kz

«Сарыарқа» хоккей клубында өзара келісім негізінде бас бапкер Кари Хейккиля мен аға бапкер Томми Неккуламен келісімшарттар бұзылды, деп хабарлайды Қазақпарат «SPORTINFORM» САА клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін «Локомотив» (Ярославль), «Металлург» (Магнитогорск) және Беларусьтің ұлттық құрамасына жетекшілік еткен финн маманы қарағандылық клубтың басшылығына биылғы мамыр айының басында келген болатын.

Мәлім болғандай, команданың бас бапкері міндетін атқарушы болып «Теміртау» хоккей клубынан Дмитрий Максимов бекітілді.

Айта кеткен жөн, «Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясындағы тоғыз матчта алты рет жеңілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы