360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Волейболдан әлем чемпионатында Қазақстан Пуэрто-Рикодан жеңілді

  • 125
  • UPD: 07:17, 01.10.2018
Волейболдан әлем чемпионатында Қазақстан Пуэрто-Рикодан жеңілді olympic.kz

Волейболдан Жапонияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті рет жеңіліске ұшырады, деп жазады Olympic.kz

Кенияға 0:3 есебімен жол берген біздің құрама дәл осындай есеппен ұтылды. Бұл жолы Пуэрто-Рикоға есе жібердік. 

Қазақстандық команда үш партияда 21:25, 15:25 және 22:25 есебімен қарсыластарға жол берді. 

Бүгінгі кездесуде Сана Анарқұлова 8, Екатерина Жданова мен Яна Петренко 7 ұпайдан жинады. 

D тобында екі кездесуде де жеңіске жеткен Сербия мен Бразилия құрамалары көш бастап тұр. 

Ертең біздің құрама Доминикан Республикасына қарсы ойнайды. 

Хабар 24 телеарнасы