360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Төрешінің мұрнын сындырған ойыншы өмір бойы спорттан шеттетілді

  • 281
Төрешінің мұрнын сындырған ойыншы өмір бойы спорттан шеттетілді telegraph.co.uk

Беларусьтік «Кречет» командасының ойыншысы Сергей Гриневич өмір бойы футболдан шеттетілді.

Мұндай шешім Брест облысының чемпионатында «Нива» командасымен өткен матч қорытындысы бойынша қабылданды, – деп жазады Прессбол.

Гриневич ойын кезінде төрешінің бетінен ұрғаны үшін жазаланды. Ойын 28-минутта тоқтатылды. Қызыл қағаз алған «Кречет» ойыншысы төрешіге шабул жасап, оның мұрнын сындырды.

Бұл уақытқа дейін ойын «Нива» пайдасына 1:0 есебімен жүріп жатқан. Осы оқиғадан кейін «Кречетке» техникалық жеңіліс есептелді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы