365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

WBC президенті: Головкин Альвареспен қарымта сұрады

  • 193
  • UPD: 14:24, 01.10.2018
WBC президенті: Головкин Альвареспен қарымта сұрады vesti.kz

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман ұйым чемпионы мексикалық Сауль Альварес (50-1-2, 34 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты.

Боксшылар 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында қарымта жұдырықтасып, төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жеткен. Осылайша, Головкин алғаш рет жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылып қалды. 

«Канело» чемпиондығын міндетті қорғау керек шығар, бірақ өз еркімен де істеуіне болады. Алайда Головкин де қарымта сұрағанын білеміз. Әзірге бұл жекпе-жек діттелген жоқ, дегенмен өткізуге ниет білдірді», – дейді Сулейман Киевте өтіп жатқан WBC конвенциясы кезінде.

Айта кетейік, WBC бойынша міндетті қарсылас америкалық Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) болып тұр. Ал рингке Альварес 15 желтоқсанда оралмақ, мексикалықтың ықтимал қарсыласы – канадалық Давид Лемье (40-4, 34 KO).

Ал Головкин биыл жұдырықтасуды жоспарлап отырған жоқ. GGG рингке тек 2019 жылдың көктемінде оралады. 

Хабар 24 телеарнасы