365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

WBC Сауль Альвареске чемпиондығын өз еркінше қорғауға рұқсат етті

  • 184
  • UPD: 16:14, 01.10.2018
WBC Сауль Альвареске чемпиондығын өз еркінше қорғауға рұқсат етті Zakon.kz

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (50-1-2, 34 КО) белбеулерін өз еркімен қорғауға рұқсат берді.

Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында айтты.

Альварес бұл белбеулерді 15 қыркүйек Лас-Вегаста қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) төрешілер шешімі бойынша жеңген соң иеленген. Ал WBC бойынша міндетті қарсылас Джермалл Чарло (27-0, 21 КО).

«WBC конвенциясында он жеті салмақ бойынша міндетті жекпе-жектерді қарастыруымыз қажет. Қиын мәселелер бар. Олардың бірі – «Канелоның» орта салмақтағы чемпион ретіндегі болашағы. «Уақытша» чемпион Джермалл Чарлоның «Канеломен» жұдырықтасуға құқы бар. Желтоқсанда Саульде өз еркімен қорғау болады, ал 2019 жылы – міндетті», – дейді Сулейман.

Ақпарат көзі: kaz.vesti.kz

 

Хабар 24 телеарнасы