365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық регбишілер күміске қол жеткізді

  • 245
  • UPD: 23:20, 01.10.2018

Еліміздің екі клубы Жоғары хоккей лигасындағы өз матчтарын өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Қарағандының «Сарыарқасы» Тольяттидің «Ладасымен», ал өскемендік «Торпедо» Самараның ЦСКА клубымен кездеседі. Қос матч та 21:00-де басталады. Регбиден қазақстандық әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяда өткен Азия сериясының екінші кезеңінде екінші орынға ие болды. Инчхон стадионында спортшы қыздарымыз Қытай, Таиланд, Гонконг және Сингапурдан келген қарсыластарынан басым түсті. Тек финалда Жапонияға есе жіберді. Есеп – 17:-12.

Айта кетейік, қазан айының 13 және 14-і күндері Шри-Ланкада Азия сериясының үшінші кезеңі өтеді.     

Анна Яковлева, регбиден Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны:

- Біздің аймақтан шешуші кезеңге бір команда барады. Жапония қабылдаушы тарап ретінде бұл тізімде жоқ. Яғни жолдамаға негізінен Қытай және Қазақстан таласады. Сондай-ақ Гонконг та қуып жетуі мүмкін.

Г.Головкин – «Канело». Үшінші кездесу

Геннадий Головкин «Канелоны» үшінші жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман мәлімдеді. Алайда тараптар әлі ресми түрде шешімге келген жоқ. Айта кетейік, мексикалық боксшы рингке 15 желтоқсанда бір-ақ оралады. Ал Головкин шаршы алаңға 2019 жылдың көктемінде шығады деген болжам бар   

Бундеслиганың 6-туры өтті

Германияда бундеслиганың 6-туры артта қалды. Кезеңнің ең тартысты ойыны «Байер» мен «Боруссия» арасында тіркелді. 45-минуттан кейін 2:0 есебімен жеңіліп жатқан дортмундтық команда екінші таймда қарсыласының қақпасына 4 гол соғып, жеңіске жетті. Пако Алькасер дубль авторы атанды. Сөйтіп осы жеңістен кейін «Боруссия» турнир кестесінде топ бастады.

Хабар 24 телеарнасы