366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин 2010 жылдан кейін WBA рейтингінде алғаш пайда болды

  • 364
Головкин 2010 жылдан кейін WBA рейтингінде алғаш пайда болды Sports.kz

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) рейтінгінде 2010 жылдан кейін алғаш рет қайта пайда болды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Өз салмағында Головкин екінші тұр. Оның алдында тек канадалық Давид Лемье (40-4, 34 КО). Айта кетейік, ирландиялық Гэри О'Салливанды (28-3, 20 КО) бірінші раундта жеңген канадалық боксшы WBA (Super) белбеуінің иегеріне міндетті қарсылас атанды.

Ал орта салмақтың чемпионы 15 қыркүйектен бері Сауль  Альварес (50-1-2, 34 КО). Қарымта жекпе-жекте ол төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, белбеуді Головкиннен тартып алған.

Айта кетейік, Головкин WBA белбеуіне алғаш рет 2010 жылы ие болған. Қазақстандық тұрақты әрі уақытша чемпион болған, ал 2014 жылы германиялық Феликс Штурмдағы (40-5-3, 18 КО) WBA (Super) белбеуін жұдырықтаспай-ақ иемденді. Осыдан кейін Головкин чемпиондығын тоғыз рет сәтті қорғаған.

Хабар 24 телеарнасы