365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ММА файтері МакГрегордың алаяқтығын әшкере етті

  • 519
ММА файтері МакГрегордың алаяқтығын әшкере етті ИноСМИ

Литвалық ММА файтері Артемий Ситников он жыл бұрынғы жекпе-жектері алдында ирландиялық Конор МакГрегордың бапкері таразының тілін кері айналдырғаны туралы айтып берді.

Спортшының сөзін «Спорт-Экспресс» сайты келтіріп отыр.

«МакГрегормен 2008 жылдың 28 маусымында жұдырықтастық. Аса қиын болған жоқ. Ол турнирді бапкері ұйымдастырған. Оның таразымен қулығы есте қалды. Дәл осыны басты назарға алсам, маған сын айтатындар көбейер. Ойдан шығарып тұрсың дегендей», – дейді Ситников.

Спортшының сөзінше, ол кезде қарсыласы өзінен сегіз келіге ауыр болған. «66 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасуға келіскенбіз. Ол 66,6 болды. Бәрібір деп ойладым. Ал таразыға тұрғанымда, оның екі-үш келіге кем көрсететінін түсіндім», – деп атап өтті ол.

Ситников пен МакГрегордың жекпе-жегі литвалықтың жеңісімен аяқталған.

Ал 6 қазан Лас-Вегаста Конор МакГрегор ресейлік чемпион Хабиб Нурмагомедовпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекке жеңіл салмақтағы UFC чемпионының белбеуі тігілген. 

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы