365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда теннистен Challenger-2018 халықаралық турнирі басталды

  • 211
  • UPD: 23:34, 02.10.2018

Алматыда теннистен АТР аясындағы Алматы Challenger халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұтыс қоры 50 мың ақш долларын құрайтын жарысқа әлемнің көптеген елінен 100-ге жуық үміткер келіпті. Бұл сында ел намысын Денис Евсеев пен Тимур Хабибуллин, Александр Бублик пен Александр Недовесов және Сағадати Аяп секілді тәжірибелі спортшлар қорғайды. Бүгін жарыстың бірінші күні голландиялық Скот Гриспор мен Босниялық Мирза Бажич және Мысыр елінің үміті Мұхаммед Шафаттар алғашқы айналымнан сүрінбей өтті. Сондай-ақ жерлесіміз Денис Евсеев пен украиналық Илья Марченколарда алғашқы кездеулерін жеңіспен бастады. Алматы Challenger жарысының жеңімпаздары 6 қазан күні белгілі болады.

 

Баскетбол. «Астананың» жаңа құрамы таныстырылды

Бірер күннен кейін «Астана» халықаралық ВТБ лигасындағы жаңа маусымын бастайды. Осыған орай елордалық клуб бүгін жаңа құрамын таныстырды. Олардың арасына биыл ғана қатарға қосылған 6 ойыншы бар. Бұған қоса, «Астаны» енді македониялық Эмиль Райкович жаттықтыратын болды. Қазақстандық клуб жарыс алдындағы соңғы оқу-жаттығуын Латвияда өткізген. Енді олар 7 қазанда негізгі бәсекеге кіріседі. ВТБ аясындағы алғашқы матч Астанада өтеді. Ал алғашқы қарсылас – мәскеулік «ЦСКА».

Эмиль Райкович, «Астана» баскетбол клубының бас бапкері:

- Клуб басшылығы біздің алдымызға нақты мақсат-міндеттер қойып отыр. Өр мінез, батыл қадам жасап оны толықтай орындаймыз деген ойдамын. Бірінші қарсылас мәскеулік клуб . Ол тек Ресейдің ғана емес, Еуропаның үздігі саналады. Кездесуге тыңғылықты дайынбыз. Тартысты ойын болады деп ойлаймын.

 

Алматыда кекушинкай шеберлерінің бәсекесі өтті

Алматыда каратэ-до кекушинкайдан жастар мен жасөсіпірімдер арасында қала кубогы өтті. «Айсберг» кәсіпқой спорт клубының 10 жылдығымен қатар келген турнирге 400-ге жуық үміткер қатысты. Екі күнге созылған жарыста балта аяқты, балға жұдырықты спортшылар топ жарды. Атап айтар болсақ, 12-13 жастағы өрендер арасында Эмир Өтегенов қарсылас шыдатпады. Ол финалда Мадияр Розиевтен басым түсіп, турнирдің ең үздік спортшысы атанды. Қола медаль Ельшат Тұрғанжанға бұйырды. 50 келі салмақ дәрежесінде Бадрудди Мұсаев чемпион атанды. Финалда Лев Фадеевпен шеберік байқасқан Мұсаев ұпай санымен жеңіске жетсе, қола жүлде Әмір Амангельдиновтың қанжығасында кетті. Енді жарыс жеңімпаздары ұлттық құрамаға алынып, қарашада Варшавада өтетін Еуропа чемпионатына қатысады.

Надежда Ронжина, жарысты ұйымдастырушы:

- Жарысқа қаланың ең үздік деген спортшылары келді. Сондықтан бұл турнир өте тартысты өтті. Болашақта бұл жарысты дәстүрлі түрде өткізсек деген жоспарымыз бар. Өйткені каратэ кекушинкайдың келешегі жарқын деп білеміз. Егер қауымдастық тарапынан қолдау тауып жатсақ, келер жылы республикалық деңгейде ұйымдастырып, еліміздің әр аймағынан әлемдік ареналарда оза шауып жүрген мықтыларды шақырсақ деген мақсатымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы