366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қайрат» футзалдан чемпиондар лигасы аясындағы кезекті мачтын өткізеді

  • 169
  • UPD: 18:41, 03.10.2018
«Қайрат» футзалдан чемпиондар лигасы аясындағы кезекті мачтын өткізеді YouTube

Алматылық «Қайрат» бүгін футзалдан чемпиондар лигасы аясындағы кезекті мачтын өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық клубтың бұл жолғы қарсыласы косоволық «Финикс». Ойын Астана уақытымен түнгі 00:30-да басталады және оны «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

 

Аргентинадағы жасөспірімдер арасындағы Олимпиадаға елімізден 57 спортшы қатысады

Бірер күннен кейін Аргентина астанасында жасөспірімдер арасындағы Олимпиада басталады. Бұл жарысқа еліміздің атынан 57 спортшы қатысуға мүмкіндік алды. Олар 22 спорт түрі бойынша сынға түспек. Бүгін «Сарыарқа» велотрегінде ел намысын қорғайтындармен арнайы кездесу өткізіліп, ашылу салтанатында туды ұстап шығатын жерлесіміз анықталды. Бұл құрметке 18 жастағы боксшы Дамир Тойбай лайық деп танылды. Аргентинадағы байрақты бәскеге 206 елден 4 мыңнан аса спортшы қатысады деп күтіліп отыр Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаттарын «Хабар» арнасы көрсетеді.

 

«Әлем файтерс» Titan Fighting тұжырымдамасымен келісімге отырды

Ережесіз жекпе-жектен жерлестеріміз көптеген тұжырымдама бойынша әлем чемпионы атанып үлгерді, деп хабарлайды «Хабар 24». Ендігі мақсат – UFS мен Bellator асуын бағындыру. Осы бағытта жұмыс жасап жүрген «Әлем файтерс» клубы өткен аптада америкалық Titan Fighting тұжырымдамасымен келісімге отырды. Енді желтоқсанда қос тараптың ұйымдастыруымен Алматыда үлкен жарыс өтеді. Онда Америка, Бразилия және Қазақстанның ең үздік спортшылары жекпе-жекке шықпақ. «Titan Fighting»  басшысы Алексис Шон мырзаны Алматыға арнайы қазақ спортшыларының қарым қабілетін көрсін деп шақырдық»  дейді «Әлем Файтерс» клубының президенті.

Ардақ Назаров, «Әлем файтерс» кәсіпқой клубының президенті:

- Titan Fighting президенті Алексис айтып өткендей, 70 бала бүгінгі таңда Titan Fighting UFS-ге кірген. Сондықтан біздің де арман мақсатымыз сол. Мысалы бір ғана Конор Макгрегордың өзі Ирландияны аспанға көтеріп тастады ғой. Сол сияқты неге біз батырдың ұрпағы ертең қазақтың жігіттері шықпасқа?!

 

Әлемнің ең үздік теннисшілері Қытай астанасында бас қосты

Пекин қаласында жүлде қоры 3,4 миллион долларды құрайтын ашық ішкі чемпионат басталды. Алғашқы айналым қорытындысы бойынша германиялақ Александр Звереев пен тунистік Малек Джазиридің жолы болды. Бұған қоса, аргентиканлық Хуан Мартин Дель Потро, болгариялық Григор Димитров және италиялық Фабио Фоньини де жарысты жалғастырады. Теннис турнирінің жалпы қорытындысы 7 қазанда белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы