366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемнің ең үздік теннисшілері Қытайда бас қосты

  • 123
  • UPD: 20:29, 04.10.2018

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін астаналық «Барыс» мәскеулік ЦСКА-дан жеңілді. Бірақ еншісіне 1 ұпай жазып үлгерді.

Еуропа лигасы: топтық кезең

Елордада болған мачтың негізгі уақыты тең нәтижемен аяталған болатын. Қонақтар овертаймда алға шықты. Қорытынды есеп – 2:3.

«Астана» бүгін Еуропа лигасы аясындағы кезекті матчын өткізеді. Елорда төрінде қазақстандық клуб пен франциялық «Ренн» жолығады. Бұл қос команда үшін де топтық кезеңдегі екінші ойын болмақ. Айта кету керек, «Ренн» Франциядағы ең қымбат клубатардың бірі саналады. Жалпы трансферлік құны – 120 миллион еуро. Сондықтан шығар, қазір «Ренн» 3 ұпаймен «К» тобының бірінші сатысында тұр. Ал «Астана» екінші орында. Елордалық клуб еншісінде Киевтен әкелген 1 ұпай бар. Сарапшылар болса нақты фаворитті атауға асықпайды. Өйткені екі клубтың да әзірге мүмкіндіктері шамалас. Матч жергілікті уақытпен 20:50-де басталады. 

Жартылай финалға шыққандар

Әлемнің ең үздік теннисшілері Қытайда бас қосты. Бейжің қаласында жүлде қоры 3,4 миллион долларды құрайтын ашық ішкі чемпионат жалғасып жатыр. Бүгін жартылай финалға жолдама алғандардың есімі белгілі болды. Ерлер арасындағы жекелей сында сербиялық Душан Лайович пен британдық Кайл Эдмундтың жолы болды. Екінші жұп енді белгілі болады. Ол жерде германиялақ Александр Звереев пен тунистік Малек Джазири және грузиялық Николоз Башилашвили мен испаниялық Феннандо Вердаско кездеседі. Жарыстың жалпы қорытындысы 7 қазанда белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы