366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аргентина президенті жасөспірімдер олимпиадасына дайындық барысымен танысты

  • 579
  • UPD: 20:33, 04.10.2018
Аргентина президенті жасөспірімдер олимпиадасына дайындық барысымен танысты Правда.Ру

Бірер күннен кейін Аргентина астанасында жасөспірімдер арасындағы олимпиада басталады.

Осыған орай Буэнос-Айресте дайындық жұмыстары қыза түсті. Тіпті, ел президенті Маурисио Макридің өзі атлеттер қалашығына барып, әзірлік барысымен тыңғылықты танысты. Байрақты бәсекеге 206 елден 4 мыңнан аса спортшы қатысады деп күтіліп отыр. Оның 57-сі өзіміздің жерлестер. Олар 22 спорт түрі бойынша сынға түседі. Олимпиаданың өзі 6 қазанда басталып, 18 қазанға дейін жалғасады. Жасөспірімдер арасындағы ойындардың ашылу және жабылу салтанаттарын, бұған қоса ұлттық құраманың қатысуымен өтетін жарыстарды «Хабар» арнасы көрсетеді. 

Хабар 24 телеарнасы