360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

GGG Promotions кеңейеді. Головкин қазақстандық жас боксшыларға қолдау білдірмек

  • 511
  • UPD: 17:57, 05.10.2018
GGG Promotions кеңейеді. Головкин қазақстандық жас боксшыларға қолдау білдірмек vesti.kz

Орта салмақта бұрынғы WBC, WBA, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин қазақстандық жас боксшыларға қолдау көрсетпек, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы спортшының өзі Алматыда өтіп жатқан баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.

Головкин GGG Promotions компаниясы ісін жүргізетін қазақстандық боксшыларға өзі іріктеу жасап, таңдайтын болады.

Еске салайық, Головкиннің промоутерлік компаниясында қазір екі қазақстандық боксшы бар – Али Ахмедов және Руслан Мәдиев.

– АҚШ-та тіркелген промоутерлік компаниям бар. Командамызда Ахмедов пен Мәдиев бар. Талантты жігіттер, өз күштерін шынайы бағалайды, нақты мақсаттар қояды. Оларға армандарына жетуге көмектесеміз. Рейтингтері жақсы, бастысы – қазақстандықтар, – дейді Головкин.

Айта кетейік, GGG қазіргі уақытта Қазақстанда жүр. Мұның алдында ол Астанадағы хоккей матчын тамашалаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы