365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

WBC боксшыларды жекпе-жек күні өлшенуге міндеттейді

  • 133
WBC боксшыларды жекпе-жек күні өлшенуге міндеттейді boxnews.com.ua

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) боксшыларға жекпе-жек күні де салмақ өлшеу рәсімін енгізбек.

Қазіргі таңда WBC ұйымында жекпе-жекке дейін бір күн бұрын өлшену рәсімімен қатар, бір ай және бір апта бұрын өлшену бар.

Енді бұған жекпе-жекке дейін екі апта бұрын және жұдырықтасатын күні салмақ өлшеуді қоспақ.

Жекпе-жектен 30 күн бұрын өлшенгенде, боксшы келісімшартта көрсетілген салмағынан он пайыз асып тұруға рұқсат етіледі, ал 14 күн бұрын бес пайыз ғана, жеті күн қалғанда – 3 пайыз.

Ал жекпе-жек күні өлшенгенде, спортшы келісімшартта көрсетілген салмақтың он пайызынан артық жинауына болмайды.

WBC жекпе-жектері үшін жаңа ережелер маусымнан бастап күшіне енеді, ал жұдырықтасатын күні өлшенуден басқасы 1 қаңтардан бастап қолданылады.

Сонымен қатар жаңа жылдан бастап боксшылар комиссияға жыл сайынғы МРТ-тексерісінің мәліметтерін берулері қажет.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы