366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде бұқаралық спорттың дамуына не жетіспейді?

  • 282
  • UPD: 00:15, 06.10.2018

Жыл сайын елімізде ондаған спорттық нысан қолданысқа беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қаншалықты тиімді пайдаланылып жатыр? Әсіресе, қарапайым жұртқа қолжетімді ме және бұқаралық спортты дамытуға тағы не жетіспейді? Бұл мәселелерді Президент биылғы Жолдауында көтерген болатын. Әсіресе, Астана мен Алматыда ғана емес, өңірлік спорттағы белсенділікті арттыру тетіктерін айтты.

«Сарыарқа» велотрегі, «Алау» мұз сарайы және «Астана Арена» стадионы сияқты алып спорттық кешендер тек Қазақстанда ғана емес, әлемге де танымал. Өйткені мұнда халықаралық, құрлықтық және дүниежүзілік деңгейдегі жарыстар жиі өтеді. Бірақ оған тоқмейілсуге болмайтынын алға тартты Президент. Спорттық кешендер тек жарыс өткізетін жер ғана емес, қарапайым адамдар бос уақытты  тиімді пайдаланатын орынға айналуы қажеттігін айтты. Тіпті, керек болса, тәулік бойы халыққа қызмет көрсетуі тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Эффективно использовать спортивные сооружения нужно. Смотрите, сколько мы их создали. Они должны круглосуточно работать. Для школьников надо сделать это бесплатным, или малой оплаты. Видишь, какой гул идет? Для чего построили? Созерцать что ли?

Ірі спорттық нысандардың қолжетімділігі өте өзекті мәселе. Президент 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызы бұқаралық спортпен айналыссын деген тапсырма қойғаны белгілі. Ал оны орындауда осы қолжетімділік шешуші рөлді атқарайын деп тұр.

Серік Жарасбаев, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:

– Өз Жолдауында Елбасы балалар спортына, және жастарға бұқаралық спорттың дамуына көзқарасын білдірді. Нақты айтқанда, елімізде салынған үлкен спорттық ұйымдар балалар мен жасөспірімдерге, жалпы халыққа ашық болуы керек. Сонымен бірге 100 бұқаралық спортқа арналған спорт кешендерін салу керек.

Ал енді сол салынатын және салынған спорттық нысандарды тиімді қолдануға қатысты мәселені реттеу үшін құзырлы министрлік арнайы бағдарлама әзірлемек. Қазірдің өзінде алып кешендер бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізуге әзір. Тіпті бүгінге дейін оқушылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдік қарастырылып келген. Елбасы Жолдауынан кейін енді спорттық секциялардың тегін негіздегі жұмыс тәртібі қолға алынуы қажет.

Хабар 24 телеарнасы