360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкинді жеңген Альварес енді кіммен жекпе-жек өткізеді

  • 147
  • UPD: 15:33, 06.10.2018
Головкинді жеңген Альварес енді кіммен жекпе-жек өткізеді

Орта салмақта WBC, WBA Super және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған Сауль Альварес келесі кездесуін 15 желтоқсанда өткізетін болды, деп хабарлайды SPORTINFORM.

Ол екінші орта салмақта (76,2 килограмға дейін) WBA Regular тұжырымы бойынша әлем чемпионы Рокки Филдингпен кездеседі. Бұл туралы мексикалық боксшы Twitter-дегі парақшасында жариялады. Жекпе-жек Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. Егер осы кездесуде де жеңіске жетсе, Альварес екі бірдей салмақ санатында әлем чемпионы атанады. Британиялық Филдинг чемпиондық белдігіне 2018 жылдың шілдесінде германиялық боксшы Тайрон Цойгені нокаутқа жіберіп қол жеткізген. Рокки бұған дейін танымал боксшыларды жеңбеген. Карьерасында жалғыз мәрте жеңіліске ұшыраған. Ол жуырда ғана екінші орта салмақта Бүкіләлемдік бокс суперсериясының жеңімпазы атанған Каллум Смиттен жеңілген.

Хабар 24 телеарнасы