365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Салмақ өлшеу рәсімінде МакГрегор Хабибқа қол жұмсады

  • 199
Салмақ өлшеу рәсімінде МакГрегор Хабибқа қол жұмсады prosports.kz

Басты жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор күш сынасатын UFC 229 турниріне қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі өтті, – деп хабарлайды prosports.kz.

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі (70 келі) чемпиондық атақты сарапқа салатын қос мықты салмақ лимитімен сәйкес келді. Нурмагомедовтің салмағы 70,3 келі болды, ал қарсыласы одан 300 грам жеңіл тартты. Ал көз арбасу сәтінде Конор тағы да шу шығарды. Ол алдымен қарсыласын ұрғысы келген, алайда екі ортада қолы компания президенті Дана Уайтқа тиіп кетті. 

Жанкүйер қауым асыға күткен жекпе-жек Астана уақыты бойынша 7 қазан күні таңертең Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Хабар 24 телеарнасы