365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ATP Almaty Challenger: Жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды

  • 133
  • UPD: 16:40, 06.10.2018
ATP Almaty Challenger: Жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды

Алматыда «Эйс» теннис орталығында жүлде қоры 50 мың долларды құрайтын теннистен ATP Almaty Challenger сериясының ірі халықаралық турнирі аяқталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жарыстың жекелей финалында қызықты әрі тартысты өткен кездесулердің нәтижесінде өзбекстандық Денис Истомин жеңіске жетті. Ол сербиялық қарсыласы Никола Милоевичтан 2:1 есебімен басым түсті.

– Қазақстанда мен әрқашанда көрермендердің жақсы қолдауын сезінемін. Әрине ол қуантады. Солар үшін жақсы теннис көрсетуге тырысасын. Бүгін қиын ойын болды. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Астанада екі рет ойнап, міне Алматыда жеңіске жеттім, – деді Денис Истомин.

Бір күн бұрын, осы орталықта жұптық топтың финалы өткен болатын. Оның қорытындысында чехиялық Колар Жданек пен Росол Лукас қазақстандық Тимур Хабибулин мен ресейлік Евгений Карловскийді ұтты.

Осылайша, жекелей және топтық разрядтың жеңімпаздары ұпайлардан бөлек, 7,2 мың және 3,1 мың долларға ие болды (жұптық).

Айта кетер жайт, Almaty Challenger турниріне ұлттық құрама атынан Александр Бублик, Александр Недовесов, Тимур Хабибуллин, Сағадат Аяп және Денис Евсеев шыққан болатын.

Хабар 24 телеарнасы