360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хабиб Нурмагомедов көрермендерге шабуыл жасады

  • 624
  • UPD: 13:53, 07.10.2018

Жанкүйерлер тағатсыздана күткен жекпе-жекте Хабиб Нурмагомедов қарсыласы Конор Макгрегорды ұтты.

Жекпе-жек аяқтала салысымен Хабиб Нурмагомедов жанкүйерлерге жұдырық ала жүгірді. Артынша ресейлік спортшының бапкері мен командасы сегізбұрышқа кіріп, Конор Макгрегормен шүйлігісіп қалды. Жекпе-жектің соңы жаппай төбелеске айналды. 

Әзірге Хабиб Нурмагомедовтың бұл қылығына қандай шара қолданатыны белгісіз. Дегенмен, ресейлік спортшыны жекпе-жектен шеттетуі әбден мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы