366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда әкімнің кубогына арналған бәйге жарыстары өтті

  • 138
  • UPD: 19:13, 07.10.2018
Алматыда әкімнің кубогына арналған бәйге жарыстары өтті

Алматының республикалық ипподромында Алматы қаласы әкімінің кубогына арналған биылғы маусымдағы 11 бәйге күні өткізілді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

40-тан астам шабандоз асылтұқымды аттарын әртүрлі қашықтықтағы жарыста сынады. Қала тұрғындары мен қонақтары тек сәйгүліктердің ғана емес, понилардың да жарыстарын тамашалап, көтеріңкі көңіл-күйде болды.

Олардың нәтижесінде әкімнің кубогын (4000 м) екінші жыл қатарынан белгілі спортшы Ислам Байрамуковтың аты «Зубайыр» жеңіп алды. Оның «Аманат» есімді екінші сәйгүлігі (1600 м) де қыздар арасында жеңіске жетті.

- Бүгін біздің күніміз оңынан туып тұр. «Зубайыр» жарыстың басынан бастап соңына дейін бірінші келіп, бізді қуантты. Оның жасы 5-те. Оны біз 2014 жылы Америкадан алып келгенбіз. Осындай жақсы нәтиже көрсетіп, жатқанына қуаныштымыз. Ол өзіне жұмсалған қаражатты ақтап жатыр. Оның бәрі менің командамның арқасында, – деді Ислам Байрамуков.

Сонымен қатар «Иванов В.В. құрметіне арналған Луговский Ат зауыты» жүлдесіне арналған жарыста төртінші рет «Гагалык» есімді сәйгүлік ұтса, Қазақстанда туған 3 жастан жоғары аттар арасындағы гандикап жарысында үшінші рет «Провокация» жылқысы жеңді. Ал аламан бәйгеде 21 шақырымдық қашықтық «Арғымақ» есімді тұлпар ұтса (Нұрым Кырғызбай), жорға жарыста, 8 шақырымдық қашықтық – «Шұбат» бірінші келді (Нұрбол Шынтаев).

Хабар 24 телеарнасы