366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде 18 спорт алаңы халық игілігіне тапсырылды

  • 174
  • UPD: 23:18, 07.10.2018
Ақтөбеде 18 спорт алаңы халық игілігіне тапсырылды

Ақтөбе облысында тұрғындардың 30 пайызы ғана бұқаралық спортпен айналысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

22 мың адам футболды таңдаса, 20 мыңға жуық жасөспірім спорт мектептеріне тұрақты түрде барады екен. Дегенмен спортқа баулитын мектептерде қажетті жабдықтар әлі де жетіспейді. Осы орайда облыстық спорт және денешынықтыру басқармасы саланы қаржыландырудың нақты жүйесін жасамақ. Жалпы, биыл қала бойынша 18 спорт алаңы халық игілігіне тапсырылды. Ал мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жақында бірнеше спорт нысаны ашылады. Оның бірі – батыс аймақта баламасы жоқ мұз айдыны аренасы. Одан бөлек теннис орталығы да пайдалануға берілді. Осыдан бірнеше жыл бұрын жаңа бассейн ашылды. Су спортының барлық түріне арналған нысанды салуға 1  жарым млрд теңге жұмсалған. Ұзындығы 50 метр болатын 10 жолақты бассейнде жоғары деңгейдегі жарыстар өткізіліп жүр.

Айбек Қамзенов, жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

- Бассейн олимпиадалық өлшемдерге сай келеді. Бұл жерде халықаралық деңгейдегі ашық чемпионаттар өткізуге болады. Қазақстан чемпионаты да осы бассейнде өтті. Балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу үшін спорт нысандары қолжетімді болуы тиіс. Осы орайда біздің облыста бар жағдай жасалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы