366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дана Уайт: Хабиб АҚШ-қа енді кіре алмайды

  • 770
  • UPD: 07:44, 08.10.2018
Дана Уайт: Хабиб АҚШ-қа енді кіре алмайды prosports.kz

UFC ұйымының президенті Дана Уайт UFC-229 турнирінен кейін берген сұқбатында ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедовке АҚШ-қа виза берілмейтінін айтты.

– Жігіттерге (Зубайра, Махачев және Нурмагомедов - авт.) АҚШ-қа ендігі жол жоқ. Оларға виза берілмейді, – деді Дана Уайт. 

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов Конор Макргегорға қарсы өткен жекпе-жектің төртінші раундында қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Алайда жекпе-жек аяқтала салысымен ирландиялық спортшының командасына жұдырық ала жүгірген Хабиб Нурмагомедовке чемпиондық белбеу берілген жоқ. Ресейлік спортшы уақытша жекпе-жектерден шеттетілуі әбден мүмкін.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы