360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Спорттық акробатика: Архипова-Немеренко жұбы финалға шықты

  • 649
  • UPD: 17:37, 08.10.2018
Спорттық акробатика: Архипова-Немеренко жұбы финалға шықты

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында спорттық акробтикадан аралас жұптық сында өнер көрсеткен қазақстандықтар финалға өтті. 

Анастасия Архипова мен Дмитрий Немеренко жұбы 80.800 ұпай жинап, жетінші орынға табан тіреді. Бұл олардың финалға өтуіне жеткілікті болатын. 

Финалдық бәсеке 15 қазанға жоспарланған. 

Ақтық сынға Қазақстаннан бөлек Израиль, Украина, Болгария, Беларусь, Ресей, Ұлыбритания және Португалия спортшылары жолдама алды.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы