366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Спорт кешендерін толықтай жабдықтау тапсырылды

  • 107
  • UPD: 10:08, 09.10.2018

«Спорт –денсаулық кепілі». Елбасы жолдауында дене шынықтыру кешендерін көбейту керектігі айтылып, әкімдерге нақты тапсырма жүктелді.

Қала бойынша әрбір аулада болуы қажет спорт алаңдары қаншалықты жеткілікті?

Ашық спорт алаңдарында еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін   салауатты өмір салтын ұстануға барлық мүмкіндік бар. Дегенмен қоғамды барынша спортқа бейімдеу үшін жан-жақты жұмыстар жүргізілуі қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл ретта нақты мысалдар келтіріп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жақында Түркияда болдым. Ол жерде саябақтардың барлығында спорт кешендері бар. Қысы-жазы кез келген адам барып жаттығып қайта алады.

Бүгінде еліміздің барлық шаһарларында 80-нен астам спорттық кешендер іске қосылған.

Серік Жарасбаев, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы;

- Біз бұл жұмыстарды бірнеше жылдан бері атқарып келеміз. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта халықтың кез келген уақытта пайдасыз жұмыс жасай алатын аймақтарында ашық алаңдарды құратын көше жаттығулар федерациясы бар.

Бұқаралық спортты қолдау мақсатында саябақтар мен аулаларда арнайы нұсқаулықтар да ескерілген. Шынығам дегендерге тек ниет болса болғаны.

Айтым Жакупов, ҚР street workout бойынша бас бапкер:

- Бүгінгі таңда еліміздің кез келген қаласында және облыс орталықтарында ресми түрде сыйлық ретінде 4 кешен салынған болатын. Енді әрбір ауылға және өңірлерге салу жоспарда бар. Біз әрбір кешенді жіті тексеріп аламыз. Оны өлшеп, тексеріп, басы-қасында жүреміз.

Жалпы, бас қаламыз Астанада денсаулығына немқұрайлы қарамайтындар саны мыңнан асса керекті. Ал жалпы Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 25 мыңға жуық. Мемлекет басшысы алға қойған міндет жүйелі жүзеге асса, бұқаралық спортқа бет бұрғандар саны еселене түсетіні анық.

Хабар 24 телеарнасы