366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда аутизммен ауыратын балалардың алғашқы үйірмесі ашылды

  • 132
  • UPD: 11:25, 09.10.2018

Әлеуметтік жобаны шенеуніктер мен кәсіпкерлер емес, науқас бүлдіршіндердің ата-аналары жүзеге асырды.

Осылайша олар ұл-қыздарының қоғамға бейімделуіне мүмкіндік жасап отыр.

3 жасар Рома бір қарағанға қатарластары секілді. Бірақ оған ерекше күтім керек. Бала аутизмге шалдыққан. 

Оксана Кропачева, қала тұрғыны:

- Балам мені түсінбей, сөйлемей қойды. Түнде өзімен-өзі айқайлап, ағыл-тегіл жылайды. Бір сағатқа дейін еңірейтін. Дәрігерге көрініп, ауруы анықталды.

Петропавлда екі оңалту кабинеті жұмыс істейді. Бірақ оған ұзын-сонар кезек қалыптасқан. Сондықтан «ерекше» балалардың ата-аналары бірігіп спорттық үйірме ашты. Олар 1 млн теңгенің грантын ұтып алып, арнайы маманды жалдады. 

Елена Чмель, қоғамдық ұйым жетекшісі:

- Аутизммен ауыратын балалар ешкіммен сөйлеспейді. Сондықтан тұйықталып қалады. Қоғамнан алшақтай бастайды. Ал мұнда олар бір-бірімен әңгімелесіп, сезімдерін білдіреді.

Солтүстік Қазақстан облысында 500-дей үкіметтік емес ұйым бар. Бірақ оның 110-ы ғана нақты жұмыс істейді. Биыл олар 100 түрлі әлеуметтік жобаны жүзеге асырып жатыр.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы