Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2022 жылы жасөспірімдер олимпиадасы Сенегалда өтеді

  • 112
  • UPD: 11:40, 09.10.2018
2022 жылы жасөспірімдер олимпиадасы Сенегалда өтеді

Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары-2022 Сенегалда өтетін болады.

Бұл шешімді Буэнос-Айресте өткен Халықаралық олимпиада комитетінің сессиясында мақұлдады. Туртир Дакаре, Диамниадио мен Сали қалаларында өтеді. Нақты уақыты әзірге белгіленбеді. Болжам бойынша жаздың құрғақ кезінде ұйымдастырылуы мүмкін. Мамандар бұл тропикалық аурулардың алдын алу үшін қажет деп отыр. Мұндай іс-шараны Африка құрлығы алғаш рет өткізбек. Сенегал жасөспірімдер арасындағы ойынды ұйымдастыруға ниет білдірген жалғыз ел болды. Енді жергілікті биліктің келісімі бойынша, өңірде 50 мың орынға арналған стадионның құрылысы басталады.

Хабар 24 телеарнасы