365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Параазиада: Еліміздің қоржынына үшінші «алтын» түсті

  • 421
  • UPD: 07:55, 10.10.2018
Параазиада: Еліміздің қоржынына үшінші «алтын» түсті prosports.kz

Индонезияда өтіп жатқан ІІІ Параазия ойындарында Қазақстан қоржыны үшінші алтынмен толықты.

Жүзуден халықаралық санаттағы спорт шебері Зульфия Ғабидуллина Пара Азия ойындарында 100 метрге еркін жүзуден алтын медаль иеленді.

Айта кетейік, Габидуллина 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада ойындарында Қазақстанның паралимпиада тарихындағы алғашқы алтын медалін иеленген болатын.

Қазақстан қоржынында барлығы 12 медаль бар: 3 алтын, 4 күміс және 5 қола жүлде.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы