365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атақты Нейт Диас UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовты жекпе-жекке шақырды

  • 448
  • UPD: 11:20, 11.10.2018
Атақты Нейт Диас UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовты жекпе-жекке шақырды scrapdigest.com

Америкалық ММА файтері Нейт Диас жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.

3 қарашада Диас UFC 230 турнирінде Дастин Порьемен жұдырықтасу керек болатын. Алайда жекпе-жекке бір ай қалғанда Порье жарақат алды. Осылайша, Диас турнирден шығып қалды.

ESPN тілшісі Ариэль Хельвани осыған байланысты Диастың не істемек ойы бар екенін сұрады. «Хабибпен жекпе-жекті күтем, оның дайын болғанын», - деп жауап берді Нейт.

Хабар 24 телеарнасы