366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пара Азия ойындары: Қазақстан қоржынына төртінші алтын түсті

  • 247
  • UPD: 20:50, 10.10.2018
Пара Азия ойындары: Қазақстан қоржынына төртінші алтын түсті

Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан ІІІ Пара Азия ойындарында ел қоржыны 4-алтын медальмен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пара Азия ойындары сайтындағы ақпараттарға сәйкес, 4-алтын медальды пара жүзуші Ержан Сәлімгереев ерлер арасындағы S6 санатында 50 метрге еркін жүзуден жеңіп алды. Сондай-ақ ерлер арасындағы S10 санатында 50 метрге еркін жүзуден қазақстандық спортшылар Сергей Кинах күміс медаль, ал Дмитрий Ли қола медаль еншіледі.

Айта кетейік, Ержан Сәлімгереев кешегі ерлер арасындағы S6 санатында 100 метрге еркін жүзуден алғашқы алтын медалін жеңіп алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы